Қарағандыда астыртын покер клубы жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда астыртын покер клубы жойылды

Қарағандыда астыртын покер клубы жойылды

Қарағандыда полицейлер астыртын покер клубтың қызметін тоқтатты, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 21 Қазан 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

«Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жедел шараларды өткізу кезінде Қарағанды аудандарының бірінде дәмханадағы астыртын покер клубының қызметін тоқтатты. Мекемеден ойын фишкалары, карталар және бейнебақылауға арналған жабдықтар алынды», — делінген хабарламада.

Дәмхананың иесі ғимаратты жалға бергенін түсіндірді. Полицейлер оны  жалға алған адамды  анықтады, ол Қарағандының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.


Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 307 бабы бойынша («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.