Қарағандыда бойжеткен 4-қабаттан құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бойжеткен 4-қабаттан құлап кетті

Қарағандыда бойжеткен 4-қабаттан құлап кетті

Ол комада жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы 

Фото - Caravan.kz

Ол комада жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға бүгін Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. Шамамен 25 жастағы қыз 4-қабаттағы балконнан құлаған. Әлеуметтік желілерде куәгердің видеосы тарады. Кадрда дәрігерлер оны тексеріп, ауруханаға алып кетеді. Денсаулық сақтау басқармасынан оның жағдайы туралы түсініктеме берілді.

«Науқастың миына зақым келген. Ол комада жатыр», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.