Жарияланды: 400

Қарағандыда депутаттың 2 миллион теңгесін ұрлап әкетті

Қарағандыда депутаттың 2 миллион теңгесін ұрлап әкетті

Қарағандыда облыстық мәслихаттың депутаты Төлеген Әшімовтің автокөлігінен белгісіз біреулер 2 миллион теңгені ұрлап әкеткен.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Егемен Қазақстан» хабарлады.

«Шахтер» стадионына келген депутат машинасын сол жерде қалдырып, біраз уақыттан кейін қайтып келгенінде суық қолды біреулердің көлігінің жақтау терезесін сындырып, ішіндегі ірі көлемдегі ақшаны алып кеткенін байқаған. Депутат дереу полиция шақырғанымен, ұрыларды ізін суытпай ұстаудың әзірге орайы келмеді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін