Шахтинск қалалық ішкі істер бөлімінің 4 қызметкері осы кәсіппен 2 жылдан бері айналысып келген. Нашақорлар келіспесе, ұрып соққан және қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан екен. Тіпті кейбірін түрмеге де отырғызып үлгеріпті. Сондықтан қылмыстарына куәлік еткен 39 адамның арасында темір тордың арғы жағында отырғандар да бар. Олар арнайы күзетпен сот залына келіп, бұлардан көрген қорлықтарын айтып жатыр. Бірақ 4 бірдей бап бойынша айыпталғандар кінәлерін мойындаған жоқ.
Бейімбет Түсіпов, прокурор:
-Героинді дозаға бөліп салып, сатуға жіберіп отырған. Оны өткізуге нашақорларды міндеттеп, Шахтинск қаласына жөнелткен. Қылмыстық топ оларды басқа полицейлердің және қылмыстық ортаның қысымынан қорғап келіпті.