Қарағандыда оқушылар жаппай астан ұшынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда оқушылар жаппай астан ұшынды

Қарағандыда оқушылар жаппай астан ұшынды

Қарағандыда ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернаттың  оқушылары астан ұшынып ауруханаға түсті. Аталған жағдайға қатысты денсаулыққа зиян келтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. 

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 199
Фото - Caravan.kz

Мектеп-интернаттағы 2-ші және 9-шы сынып арасындағы 7 бала кешкі астан кейін өздерін нашар сезініпті. Оларды тәрбиешілер бірден жедел жәрдеммен аурханаға жөнелткен. Бүгін интернатта санитарлық тексеріс жүріп, асханадан тиісті сынамалар алынды. Ал ауруханаға жеткізілген балалардың  екеуі жай-күйіміз жақсарды деген соң үйлеріне жіберіліпті. Қалған 5 тәрбиеленуші дәрігерлердің қадағалауында.

Зұлфиқар Әбілқасымов, Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

-Балалардың жүрегі айнып немесе температуралары көтерілген жоқ. Қазір оларға диета тағайындалды, денсаулықтары жақсы. Сараптама қортындысы келген соң ғана қандай да бір ем-дом жасалады.