Жарияланды: 530

Қарағандыда шу көтерген әйел полиция көлігінен құлап түсіп, қаза болды

Қарағандыда шу көтерген әйел полиция көлігінен құлап түсіп, қаза болды

Қарағанды ауруханасында полиция көлігінен құлап түскен 39 жастағы әйел қаза болды.

Сәрсенбіде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оны өткен сейсенбіде кешке отбасында шу шығарғандығы үшін полиция үйінен алып кеткен.
"Кенеттен ол жүріп бара жатқан көліктің есігін ашып, көліктен құлап түсті, алынған жарақаттан ол ауруханада қаза болды", деді полициядан.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін