Қарағандыда тура көше ортасында көлік жанып кетті
Қарағандыда көлік өртенді. Таңертеңгілік қарбаласта бағдаршамға тоқтаған Пежо аяқ астынан отқа оранған. |
2014 жылы шыққан жап-жаңа көліктің іші тоқтай сала түтінге толған. Сөйтсе, ондағы құрылғылар орналасқан панельдің асты өртенген екен. Болжам бойынша, от электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Қас пен көздің арасында қызыл жалынға оранған Пежодан қыз жүргізуші қашып шығып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер 5 минуттың ішінде жеткенімен, көліктің сау тамтығы қалмады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін