«Облыстық прокуратура істің материалдарын зерделегеннен кейін осы тектес істерге біріктіру үшін және де Оңтүстік Қазақстан облысының сотына жіберу үшін қылмыстық іс Оңтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жіберілді»,- деп хабарлады С. Анарбайұлы.
Ол, үстіміздегі жылдың көктемінде Қарағанды облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері исламның радикалдық ағымы — салафизмді жақтайтын төрт мүшесін ұстағандығы еске сала кетті. «Тергеу барысында, олардың өте ауыр қылмыстарды: бұл банк инкассаторларына, ірі бизнесмендерге қарулы шабуыл жасау, сонымен қатар елдің басқа да аймақтарына «сапарлар» дайындағандықтары белгілі болды»,- деді прокуратура өкілі. «Қылмыстық жолмен табылған ақша-қаражатты «жер шарының шиеленісті нүктелеріндегі» жихадтың басқа мүшелеріне беру жоспарланған»,- деп қосты ол.
С. Анарбайұлы, салафиттер ұйымының негізгі тобы Шымкентте құрылғандығын айтып өтті. Қарағандыда ағымның өкілдері «Шымкенттен алған ақшаға әскери тапаншалар сатып алмақ» болған.
Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, топтың 34 жастағы жетекшісі, Қарағанды облысының тұрғыны әскери бөлімшеден «ТТ» және «ПМ» маркалы екі тапанша алу барысында құрықталған. Одан кейін жалдап тұратын пәтерінен топтың басқа мүшелері ұсталған. Арнаулы қызмет осы жерден экстремисттік мазмұндағы әдебиеттер, қару-жарақтар мен оқ-дәрілер тәркілеген.
Тергеу, төртеуінің де «арнайы әдебиеттер мен бейне материалдар бойынша әскери әрекеттерге дайындалып, нысана бойынша атыс тәжірибесін үйренген, ол үшін аң аулаушыларға ұқсап иен жазықтарға барғандығын анықтағандығын», түсіндіріп өтті прокуратурадағылар.
Сондай-ақ, олардың біреуі бұрындары Кавказдағы әскери қақтығыстарға қатысып, Ресей федерациясының сотымен соттылып, сол жақта жазасын өтегендігі белгілі болды. Тағы бір ұсталған, прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, бұрындары жихадқа қатысу үшін Ауғанстанның шекарасынан өтпек болған, бірақ еліне қайтарылған.
Олардың төртеуіне де Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылып отыр: 233 (терроризм), 251 (қару-жарақ сатып алу және сақтау) және 179 (қарақшылық).