Қарағандылық футболшылар Ташкенттің «Бунедкор» командасымен тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық футболшылар Ташкенттің «Бунедкор» командасымен тең түсті

Қарағандылық футболшылар Ташкенттің «Бунедкор» командасымен тең түсті

Түркияның Анталья қаласында үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қарағандының «Шахтер» футбол командасы кеше Өзбекстанның Ташкент қаласының «Бунедкор» командасымен бақылау матчын өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Бұған дейін олар Украинаның Ужгород қаласының «Говерла» командасымен кездеседі деп жоспарланған болатын.

  • 11 Ақпан 2013
  • 407
Фото - Caravan.kz


«Шахтердің» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан чемпионының 3 ақпанда басталған бұл жиыны 20 ақпанға дейін созылмақ. Олар онда 6 ақпанда Польшаның Белосток қаласының «Ягелония» командасына және 4 ақпанда Ресейдің Пермь қаласының «Амкар» командасына 1:2 есебімен ұтылып қалған еді. Қарағандылықтар енді 12-сі күні Польшаның Гданск қаласының «Лехия», ал 16-сында Польшаның Хожув қаласының «Рух» командасымен күш сынаспақ.