Жарияланды: 200

Қарлы боран бірнеше облыстың тіршілігін тұралатып тастады

Қарлы боран еліміздің бірнеше облысындағы көлік қозғалысын тұралатып тастады. Жолдар Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарында жабылды.

Кеше ғана жаңбыр жауып, көктайғақ болып жатқан Арқада бүгін ақтүтек боранға ұласып, қарға адым жер көрінбей қалды. Салдарынан жүздеген жүк көлігі ауа-райының қыңыр мінезінен қаңтарылып тұр. Еліміздің солтүстігінде соққан дүлей боран ұшақтардың ұшу кестесіне де өзгеріс енгізді. Жолаушылардың өміріне алаңдаған Авиация комитеті Алматы мен Астана әуежайындағы бірнеше рейсті кейінге қалдырды. Мектептер де уақытша жабылып, оқушылар сабақтан босатылған. Ал, синоптиктер қарлы боран ертең бірақ тоқтайтынын айтып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін