Жарияланды: 430

Қаржы министрі: «Доллар 300 теңгеге өссе де, халықтың өмір сүруіне еш әсер етпейді!»

Қаржы министрі: «Доллар 300 теңгеге өссе де, халықтың өмір сүруіне еш әсер етпейді!»

Жұрт доллардың жаңа бағамын көріп дүрлігіп жүрсе, Қаржы министрі түк қысылып отырған жоқ.

Тіпті Бақыт Сұлтанов АҚШ валютасының құны қалай өссе де, халықтың өмір сүруіне еш әсер етпейді деп айды аспаннан бір-ақ шығарды.

Сөзден сүрінбейтін Сұлтанов «доллар 300 теңгеден асты, жалақысы өспеген  халық енді қалай өмір сүреді?» деген сұрақтан да тосылмады. Еліміздің бас қаржыгерінің айтуынша, бірнеше жылдың ішінде еңбекақы екі есе көтеріліпті. Сондықтан ешкім күнін көре алмай тарығып қалмайды. Оның үстіне жалақыны көтеру долларға жабысып қалмай, еңбек өнімділігіне байланысты болуы қажет дейді министр мырза. Осылайша, Америка валютасы ел тарихында болып көрмеген көрсеткішке, яғни 300 теңгеден  асса да, Қаржы министрі жұртты сабырға шақырғысы келді ме, әйтеуір түк болмағандай кейіп танытты. Тіпті доллардың бағамын нарық реттеуі тиіс деп шетел ақшасының қашан тұрақталатынын ашып айта алған жоқ.

 Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Біз енді жаңа принциптерге көшкен соң бұл әрине.  Бұл бағалар өзінің тұрақты деңгейіне жету үшін уақыт керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін