Жарияланды: 300

Қаржы министрі заңсыз шетел асқан ақшалардың қанша соммасы елге қайтарылғанын айтып берді

Ақшасын шетел асырған олигархтар мүлігін заңдастыруға асығар емес. Бүгін Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, мұхиттың арғы жағына заңсыз кеткен ақшалардың қанша сомасы Қазақстанға қайтарылғанын айтып берді. Әзірге ол 3 жарым миллиард теңге ғана.

Үкімет ақшасын шетелге тығып, мүлігін туыстарына жазғандарға барын жариялауға мүмкіндік беріп отыр. Тіпті, шенеуніктер бұл ауқымды шараны келесі жылдың соңына дейін ұзартқанын хабарлады. Осы уақыт аралығында шетелдің банктерінде миллиондары мен теңіздің жағасында вилласы бар отандастарымыз мүлігін заңдастырып үлгеруі тиіс. Олардың аты-жөндері жасырын қалып, жауапқа тартылмайтынына мемлекет кепілдік беріп отыр. Бірақ байлардың асығып жатқандары тым аз.

Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі:

-Екінші деңгейлі банктерде 7 шот ашып қойдық. Заңдастырылған ақша сонда түседі. Бірақ бизнесмендер заңсыз ақшаларын шығаруға асығар емес. Сондықтан түсіндірме жұмыстарын дұрыстап жүргізу керек.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін