Қаржылық бақылау агенттігі банк қызметі бойынша нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржылық бақылау агенттігі банк қызметі бойынша нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады

Қаржылық бақылау агенттігі банк қызметі бойынша нормативтік-құқықтық актілерді қабылдады

Алматы. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Банк қызметіндегі болуы мүмкін шығындардың орнын толтыру және екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын көтеру мақсатында 2007 жылдың 30-қарашасында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасы жаңа қаулы қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі агенттік хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 10 Желтоқсан 2007
  • 553
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк басқармасының 2000 жылғы 26-ақпандағы «Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының төменгі мөлшері туралы» №70-ші қаулысына өзгерту енгізу туралы» №256 қаулы қабылданған.

«Банк қызметін іске асырумен байланысты шығындарды жабу мақсатында банктер таза табысынан бастап қарапайым акция бойынша дивиденд төлеуге дейін резервтік капитал қалыптастырулары керек. Аталмыш қаулыға сәйкес, 2008 жылдың 1-мамырынан бастап банктердің резервтік капиталының мөлшеріне деген талап өзгермек. Ол банктердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жіктеуге жататын ссудалық портфелінің 2 пайызынан кем болмауы тиіс», — деп атап көрсетті Қаржылық бақылау агенттігі.

Алдын-ала жүргізілген бағалаулар бойынша, қаулы күшіне енгеннен кейінгі резервтік капиталдың жалпы мөлшері 3 есе өседі және бірінші деңгейдегі капиталға оң ықпал етеді, деп күтілуде.

Сонымен қатар, «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және өзіндік капиталының ең төменгі мөлшері туралы», сондай-ақ, Агенттіктің 2004 жылдың 25-қазанындағы «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» №304-ші қаулысына (жаңа мәтіндегі) өзгерістер енгізу туралы» №257 қаулы қабылданды. Оған сәйкес, Агенттік басқармасының осыған дейінгі 2001 жылдың 2-маусымында шыққан «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және өзіндік капиталының төменгі мөлшері туралы» №190-шы қаулысы өзінің күшін жояды.

Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің ақпаратына сүйенсек, аталмыш қаулы арқылы өзіндік капитал мөлшерін (қазіргі ең төменгі мөлшер — 1 млрд теңге) 2009 жылдың 1-қаңтарынан 1,5 млрд теңгеге дейін, ал 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап 2 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті