«Әзірге барлығы бір қалыпты өтуде, біз бұл істе ешқандай дау-дамайсыз, даңғазасыз келісімге келеміз, деп үміттенемін»,- деді Н. Назарбаев жұмада Астанадағы баспасөз мәслихатында.
«Консорциум мүшелерінің басым көпшілігі біздің ұсыныстарымызбен келісті, ал қалғандарымен бейбіт бітімге келу үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз»,- деп қосты ол.
Қашаған — дүниежүзіндегі соңғы 30 жыл ішінде ашылған ең ірі мұнай кеніші, оның алынатын қоры ең кемінде 7 — 9 миллиард баррельді құрайды, ол италияндық Eni компаниясы басшылық ететін консорциумның өңдеуіне берілген болатын. Eni компаниясының басшылығындағы құрамға Royal Dutch Shell, Exxon Mobil және Total компаниялары кіреді, оларға әрқайсысына акцияның 18,5 пайызы тиесілі, сондай-ақ, ConocoPhillips 9,3 пайызды және Жапонияның Inpex компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» 8,3 пайыздан иеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті