Жарияланды: 520

«ҚазАгро» шаруаларды қаржыландырудың жаңа тәсілін енгізді

«ҚазАгро» шаруаларды қаржыландырудың жаңа тәсілін енгізді

«ҚазАгро» шаруаларға қолжетімді несие беруге дайын. Ұлттық холдинг ауыл шаруашылық саласын несиелендірудің тың жүйесін еңгізді. Шағын өндірушілер банктен қомақты

қаражат аларда кепілдік қол байлау болатынын сарапшылар бұрыннан зерделеген. Енді бұл олқылықтың орны толды. Қазір ауылшаруашылық өнімін шығарушы фермерлер өзара бірігіп кооператив құрса, «ҚазАгро» қаржылай демеу көрсетуге дайын. Тәжірибе ретінде бұл жүйе Ақмола, Солтүстік және Қостанай облыстарында енгізілген болатын. Нәтиже де жаман емес. Үш аймақтық астық холдингінің құрамына кірген 118 шаруашылық 220 мың гектарға егін егіп, 3 млрд теңге табыс көрген. Малелов Нұрлыбек, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы: - Қаржыландыру кезінде орта есеппен 2,6 млрд теңге жұмсалды. Қаржылық несиені қайтарғаннан кейін астық холдингтері 3 млрд теңге табыс көріп отыр. Ал әр шаруашылық шамамен 33 млн теңге пайдада қалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін