Қазан айында Миланда салтанатты түрде ЭКСПО туы Астанаға тапсырылады
![]() |
Қазанның аяғында Миланда салтанатты түрде ЭКСПО туы Астанаға тапсырылады. |
Бұл туралы бүгін Қытайдан шыққан «Жібек жолы» автошеруі қатысушыларының Астанаға жетуіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ның маркетинг департаменті директорының орынбасары Айгүл Мүкей мәлім етті.
Айта кетейік, бұл күндері Миланда ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесі өтіп жатыр.
«31 қазанда «ЭКСПО-2015» көрмесі аяқталады. Осы орайда көрменің туы салтанатты түрде Миланнан Астанаға тапсырылады»,-деді А. Мүкей.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордаға «Жібек жолы» автошеруі Астанаға жетті. 8 тамызда Шанхайдан (ҚХР) басталған бұл автошеру бес ел арқылы өтіп, сапарын 24 қазанда Миланда (Италия) аяқтайды. Бұл шараның мақсаты - жаңа Жібек жолы бойында мәдени, экономикалық қарым-қатынастарды дамыту.
Автошеру сапар барысында 16 мың шақырым қашықтықты еңсеру жоспарлап отыр және Қазақстаннан кейін олар Ресейге бағыт алады. Оның сөзіне қарағанда, осы халықаралық автошерудің құрамында 8 көлік қамтылған.
Осы шара аясында елордадағы «Арай» саябағында Қытайдың үздік скрипкашыларының бірі Шен Чжунгоның қатысуымен арнайы концерт ұйымдастырылмақ, сондай-ақ Ramada Plaza қонақүйінде «Инвестициялар, индустриалды парктер және Астана-ЭКСПО 2017» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілмек.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін