Қазақ өнерінің майталманы, халық әртісі Қарғамбай Сатаев дүние салды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ өнерінің майталманы, халық әртісі Қарғамбай Сатаев дүние салды

Қазақ өнерінің майталманы, халық әртісі Қарғамбай Сатаев дүние салды

Қазақ өнері тағы бір майталман маманынан, ардагер мақтанышынан айрылды. 75 жасында ҚазақКСР-нің халық әртісі, театр және кино саласында өлшеусіз еңбек еткен Қарғамбай Сатаев дүние салды.

  • 24 Қазан 2013
  • 584
Фото - Caravan.kz


1938 жылы туған өнер иесі еңбек жолының жартысын театр саласына арнаған. “Ақан сері”, “Абылай хан”, “Сырым Датұлы” спектакльдерінде басты рөлдерді ойнап көзі қарақты көрерменнің ықыласына бөленді. Кинотуындыларда да Қарғамбай Сатаевтың есімі алтын әріптермен жазылған. Ол “Батыр Баян”, “Ақ үй”, “Крик” фильмдерінде шеберлігімен көзге түсті. Аталмыш шығармалардың барлығы қазір тарихи құндылық боп табылады және кино саласының алтын қорында сақталған. Кино және театр саласында өзіндік сара жол салған ақсақал мемлекеттік сыйлықтың да иегері.