Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 - 2007 жылдары "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан - Түймебаев
Алматы. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 - 2007 жылдары "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Алматыда өткен кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде ұлтаралық негіздегі шиеленістер шығуға біршама алғышарттар бар. Ол тұрғылықты халық пен түрік, шешен-ингуш және ұйғыр диаспораларының студенттері арасында байқалуда. 2007 жылғы күзде Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының аумағында топтар арасындағы төбелес оқиғалары тіркелген. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде 2000 - 2007 жылдары "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының жетекшілері мен белсенділері оқып шыққан", - деп мәлімдеді Ж. Түймебаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін