«Қазақфильмнің» аумағында көлік жөндеп ақша тапқандардың былығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақфильмнің» аумағында көлік жөндеп  ақша тапқандардың былығы ашылды

«Қазақфильмнің» аумағында көлік жөндеп ақша тапқандардың былығы ашылды

Кино орнына көлік жөндепті. «Қазақфильм» студиясы өз аумағында осындай үш бірдей кешен ашқан. Құлқын қамын күйттегендер мемлекеттің кино түсіруге бөлінген жерінде көлік жөндеп қалта толтырыпты.

  • 2 Қазан 2015
  • 234
Фото - Caravan.kz

Фильмдерді түсіретін павильондардың орнында 3 көлік жөндеу орталығы мен бір автотұрақ жұмыс істеп, бірнеше ұялы байланыс операторларының антеннасы қойылыпты. Темір тұлпары бұзылған азаматтар ешбір кедергісіз «Қазақфильмнің» аумағына кіріп, қызметті пайдаланған. Айта кетерлігі жеке кәсіпкерлер жұмыс орнын 2009 жылдан бері киностудиядан жалға алып келген екен. Ал оны құзырлы орындар 6 жылдан кейін байқады. Онда да киностудияға салынғаны 100 мың теңге айыппұл. Дегенмен, «Қазақфильм» заңсыз көлік жөндеу орталықтары мен автотұрақтың көзін дереу жоюы тиіс.

Бауыржан Жұмаханов, Бостандық ауданының прокуроры:

–Келтірілген зиянның мөлшеріне сәйкес тиісті жауапкершілік мәселесі көтеріледі. Одан бөлек қазіргі уақытта анықталғандай тек қана жер салығына қатысты заңсыз берілген деректер бойынша бір жарым миллион теңгеден астам көлемінде зиян келтірілген. 

Соңғы жаңалықтар