Бүгін агенттіктің атына «Қазақмыс» корпорациясы атынан «Южный» руднигінің №65 шахтасы кеншілерінің ереуіліне қатысты кейбір деректері теріске шығарылған ресми хабарламасы жіберілді.
«Жезқазған аймағындағы кеншілерінен «Қазақмыс» корпорациясы басшыларының атына ешқандай арыз бен үндеу келіп түскен жоқ. Соңғы уақытта Балхаш ЖЭО және Шығыс Қазақстандық ПТВС жұмысшыларының ұжымдық үндеуі ғана келіп түскен. Олардағы жағдайды анықтау үшін тиісті басшылар барып, олардың барлық талаптары талқылап, екі жақ бір шешімге келген», -делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы кеншілердің еңбек ету жағдайына байланысты былай деп жауап берді: «Сондай-ақ «12 сағаттық екі ауысыммен» жұмыс істеу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл технологиялық жағынан мүмкін емес. Өйткені, шахталар үш ауысыммен жұмыс істейды. Оның екеуі өндірістік, үшіншісі технологиялық, яғни қазба бөлімінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Алайда, кейбір жағдайда жұмысшылар жоспардан тыс жұмыстарға тартылады. Оның өзі барлық заң талаптары шеңберінде орындалып, тиісті еңбек ақы төленеді. Бүгінгі кезде кеншілердің дем алу уақытын ұлғайту үшін, еңбекті ұйымдастырудың жаңа кестелері қарастырылуда».
«Қазақмыс» корпорациясының хабарламасында жазылғанындай, «кеншілердің ереуіл өткізу туралы ақпаратын формальды түрде растайтын дәлел болған жоқ».
Бұдан бұрын хабарлағанындай, «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Южный» кен орнының №65 шахтасының кеншілері ереуілге шығып, Қарағанды облысының ерікті кәсіподақ конфедерациясына шағымданған.
Сатпаев қаласы кеншілерінің бірлескен ұйымдарының белсенді топ мүшесі Қанатбек Мырзатаевтың телефон арқылы берген ақпараты бойынша, дүйсенбі күні кеншілер қала әкімдігі мен корпорация басшыларына ереуіл өткізетіні жөнінде арыздарын тапсырған.
Қ. Мырзатаевтың ақпараты бойынша, кеншілер еңбекақы мөлшерін көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, еңбекке жарамсыз болып қалу кезеңіне толық айлық төлеу, жұмыс ауысымын өзгерту сияқты талаптарын қойған. Жарты жыл бойы кеншілер өздерінің талаптарын ұжымдық келісімге кіргізе алмаған. Бұл талаптар «Қазақмыс» корпорациясының басшылығына үш рет ұсынылса да, олар оны ескерусіз қалдырған.. Осыған байланысты кеншілер қарсылық акциясына шығуға бел байлаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті