Қазақ-қырғыз шекарасында кедендік бақылаудың болмауы салық түсімін азайтқан - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-қырғыз шекарасында кедендік бақылаудың болмауы салық түсімін азайтқан

Қазақ-қырғыз шекарасында кедендік бақылаудың болмауы салық түсімін азайтқан

Қазақ-қырғыз шекарасында кедендік бақылаудың болмауынан қос елдің салық бойынша түсім көрсеткіші едәуір төмендеген. Айырқалпақты ағайындар Еуразиялық Экономикалық одаққа үш ай бұрын бесінші болып енгенімен, әлі күнге дейін арадағы салықтық бақылаудың механизмі жетілмей тұр.

  • 28 Қараша 2015
  • 148
Фото - Caravan.kz

Соның салдарынан контрабандамен күрес өте қиындаған. Әрі салықтан жалтарғандардың саны еселеп артыпты. Осы олқылықтарды реттеу үшін қазақ пен қырғыз салықшылары Жамбыл облысында бас қосты. Жиында өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Әрі бұдан былай қос тараптан арнайы жұмыс тобы құрылатын боп келісілді. Мобильдік топ екі ел арасында сауда-саттық жасайтын кәсіпкерлердің тірлігін жіті бақылап, салықтан жалтарғардарды жедел анықтап отырмақ.

Арғын Қыпшақов, ҚР Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары:

-Қазір екі айда 3,5 млрд қосымща құн салығы түсті. Енді өткен жылғы екі айға қарағанда аз. 10-15 пайыз төмен. Салық төлемейтін кәсіпкерлерге қалай, қандай қимыл жасаймыз? Олар толық төлеу керек.