Қазақстан 2016 жылы ТМД елдері салық қызметтерінің үйлестіру кеңесіне төрағалық етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2016 жылы ТМД елдері салық қызметтерінің үйлестіру кеңесіне төрағалық етеді

Қазақстан 2016 жылы ТМД елдері салық қызметтерінің үйлестіру кеңесіне төрағалық етеді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті

  • 2 Қазан 2015
  • 1276
Фото - Caravan.kz

2016 жылы ТМД елдері Салық тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесіне төрағалық ететін болды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен осы кеңестің 17-ші отырысында белгілі болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тілеу Жаңғарашев қонақтарды қарсы ала отырып, биыл кеңеске төрағалық еткен Арменияның елеулі жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, ол әлем бойынша экономикалық тұрақсыздық байқалып отырған кезде ТМД елдері Салықтық тергеу органдарының үйлестіру кеңесі елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, несие-қаржы саласындағы қылмыстарға қарсы күш біріктіру керек екенін еске салды.

Астанада жиналған 17-ші кеңес қатысушылары жалған кәсіпкерлікті анықтау, салық төлеуден жалтарған және өзін әдейі банкрот қылып жариялайтын тараптармен күресу жолдарын талқылап, келесі жылы кеңеске кім төрағалық етеді деген сауал төңірегінде ой бөлісті.


Кеңеске мүше өзге тараптардың келісімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2016 жылы осы ұйымның үйлестіру кеңесіне төрағалық етеді деген шешім қабылданды.