Жарияланды: 700

Қазақстан аруы-2013 Айдай Исаева балалы болды

Қазақстан аруы-2013 Айдай Исаева балалы болды

 "Қазақстан аруы-2013" 25 жастағы Айдай Исаева бүгін алғаш рет ана атанды.  

Ол ер баланы дүниеге әкелді. Нәрестенің есімі әзірге белгісіз. 

Модельдің маңызды оқиғасы жайлы  «Инстаграмдағы» өз парақшасында отбасылық достары  - Әсем Нұрсейітова хабарлады.

«Мақсат, Айдай!!!!!   ҰЛДЫ болуларыңмен   құттықтаймын!!! Бауы берiк болсын!!!», - деп жазды Әсем Айдайдың ерімен түскен суретін жариялап.   

Айдайдың жұбайы Мақсат - консталтинг компаниясының бас директоры, сондай-ақ ол қайырымдылық қорының президенті. Айдай болашақ жарымен үш жыл бұрын дәмханада  құрбыларымен бірге оқу семестрін сәтті аяқтағанын атап өтіп жатқан кезде танысқан. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін