Қазақстан аумағында қасқырлардың адамдарға шабуыл жасау оқиғалары жиіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аумағында қасқырлардың адамдарға шабуыл жасау оқиғалары жиіледі

Қазақстан аумағында қасқырлардың адамдарға шабуыл жасау оқиғалары жиіледі

Семей. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан аумағында қасқырлардың адамдарға шабуыл жасау оқиғалары жиіледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2008
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылдың желтоқсан айында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Қондық ауылында қасқырлар қауып алған 15 тұрғын зардап шекті», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Департаменттегілер бұған қоса ағымдағы жылдың басында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының Еңбек ауылында адамдарды қасқыр қабуға қатысты екі оқиға тіркелгенін еске салды. Атырау облысының Махамбет ауданы Сартоғай ауылында 11 тұрғынды, соның ішінде 3 баланы қасқыр қапты.

Осындай оқиғалардың жиілеп кетуіне байланысты Шығыс Қазақстан облыстық ІІД облыс халқын жыртқыш хайуандар пайда болу мүмкіндігінен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге шақырды. «Елдімекендер аумағында жырқыш аңдар пайда болған жағдайда біз жергілікті органдарды тез арада хабардар етуді сұраймыз», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті