Жарияланды: 470

Қазақстан Дэвис кубогының финалы аясында алғашқы матчын өткізуде

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының төрттен бірінші финалы аясында алғашқы матчын өткізуде. Жеке сындағы ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталған болатын.

Буэнос-Айрестегі текетірестің шымылдығын Андрей Голубев ашты. Жерлесіміз әлемдік рейтингте өзімен шамалас Хуан Монакомен күш байқасуда. Матч алдында Голубев: “Ауа райының салқындығы бізді сәл абыржытты, оған қоса мен осы маусымда жарақат кесірінен дұрыс ойнай алмадым. Алайда Дэвис кубогінің ерекшелігі – бұл жерде жеке өзіңінің емес, құраманың намысы үшін тырысасың, сондықтан жеңіске жету үшін барымды саламын” - деді. Кездесу аяқталған соң кортқа Хуан Мартин дель Потро мен Михаил Кукушкин шығады.

Қарағандының “Шахтері” мен Павлодардың “Ертісі” Еуропа лигасындағы қарымта матчтарын өткізуде. Сырт алаңдағы матчта қос команда да жеңіске жете алмаған болатын.

Словенияның “Коперімен” кездескен “Шахтер” Жамбыл Көкеевтің жалғыз голының арқасында тең есепке қол жеткізді. Өз алаңындағы ойын  алдында негізгі ойыншылардың дені ішкі біріншіліктегі “Астанамен” ойынға қатыстырылмады. Ал  қонақтар  Қарағандыдағы алаңның сапасына көңілдері толмай отыр. Дәл осы себеп “кеншілерге” тиімді болуы мүмкін. Ал  “Ертіс” болса,  минималды есеппен жеңілген еді. Алайда бас бапкер Талғат Байсуфиновтың айтуынша, өз жерінде жеңіс үшін команда барын салады. Бірақ бұл күні павлодарлықтарға бірінші матчта алаңнан қуылған Михайлюк және жарақаттанған Ұлықбек Асанбаев пен Павел Шабалин көмектесе алмайды.  

Британдық Марк Кэвендиш «Тур де Франс» супер көпкүндігінің 5-кезеңінде жеңімпаз атанды. Онымен бірге жүлдегерлер қатарына бельгиялық Филипп Жильбер және испандық Хосе Хоакин Рохас көтерілді.

Бұл айналымда жеңімпазбен бірдей уақытты “Астананың”  бес өкілі көрсетті. 158 шақырымға созылған Каре-Кап-Фреэль аралығында  чех Роман Кройцигер 16-сатыда. Александр Винокуров 28-орында. Жалпы есепте де көш бастап келе жатқандардың орны өзгермеді. Алғашқы үштікте Тор Хушовд, Кейдл Эванс және Франк Шлек. Жерлестеріміздің ішінен үздік нәтиже Винокуровтың еншісінде. ол 16-орында. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін