Жарияланды: 490

Қазақстан елшісі Монғолия президентіне сенімхатын табыс етті

Қазақстан Республикасының Монғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Кәрібжанов осы елдің президенті Нацагийн Багабандиге сенімхатын табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан.

Кездесу барысында Қазақстандық елші мен Монғолия президенті екі жақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашағы туралы сөз қозғады. Қазақстан елшісі сондай-ақ, Монғолия парламенті- Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдың төрағасы С.Төмөр-Очирмен, үкімет басшысы Н.Энхбаярмен, сыртқы істер министрі Л.Эрдэнэчулуунмен және қорғаныс министрі Ж.Гүррагчаамен кездесті. Жүздесу барысында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан-Монғолия үкіметаралық комиссиясының жұмысын қайтадан жандандыру, сондай-ақ, Монғолияда тұратын қазақ диаспорасының проблемалары туралы талқыланды. Монғолия жағы тау-кен , көлік, туризм және инфрақұрылымдық құрылыстар салу саласына Қазақстаннан инвестиция тартуға айрықша қызығушылық танытты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін