Қазақстан ЕУРО-2016 іріктеу матчында Түркиядан ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЕУРО-2016 іріктеу матчында Түркиядан ұтылып қалды

Қазақстан ЕУРО-2016 іріктеу матчында Түркиядан ұтылып қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда ЕУРО-2016 іріктеу матчында Түркия командасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды.

  • 17 Қараша 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz

Матч күткендей-ақ алаң иелерінің белсенді қимылымен басталды. Фатих Керимнің жігіттері допты сенімді бақылап, қазақстандық ойыншыларға анада-сана ғана өзінің айып алаңына жақындауына мүмкіндік берді.

Ойынның 22-ші минутында Бурак Йылмаз матч есебін ашуы мүмкін еді, бірақ та Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Мокинмен бетпе-бет келген сәтте оның соққан добы қақпа жанынан қиыс өтіп кетті.

Түрік футболшылары қазақстандық команданың айып алаңына шабуылды белсене күшейте түсті. Нәтижесінде пенальтиде сол Бурак Йылмаз доп соқты. Үш минуттан кейін ол есепті екі допқа дейін жеткізді.

Матчтың екінші жартысында Қазақстан құрамасы футболшылары белсенді қимылдай бастады. Дегенмен 83-ші минутта түріктер үшінші допты қақпаға салды. Ойынның 87-ші минутында ғана қазақстандықтар бір доппен ойынды аяқтады.


Келесі матчты біздің футболшылар 28 наурызда өз аренасында А тобының көшбасшысы Испания құрамасымен өткізеді.