Қазақстан Кеншілер күнін тойлауға дайындық үстінде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Кеншілер күнін тойлауға дайындық үстінде

Қазақстан Кеншілер күнін тойлауға дайындық үстінде

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 - тамыз. ҚАРАҒАНДЫ - АСТАНА. Қазақстан Кеншілер күнін тойлауға дайындық үстінде, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Тамыз 2007
  • 1173
Фото - Caravan.kz

Үстіміздегі жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының жарлығымен кәсіби мейрам болып бекітілгендігіне 60 жыл толды.

Салтанатты мереке еліміздің негізгі көмір өндіретін аймағында ғана емес, Астанада да өтеді. Сәрсенбі, 22-тамызда, президенттің мәдени-тарихи орталығында Қазақстанның көмір өндіру саласындағы жұмысшылар мерейтойларын атап өтеді.

Көмір өндірісінің жұмысшыларын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, премьер-министр Кәрім Мәсімов, сонымен қатар республиканың мемлекеттік органдарының басшылары құттықтайды, деп күтілуде. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің хабарлауынша, салтанатты жиынға барлығы 260 адам шақырылған.

Кеншілердің кәсіби мерекесіне ұштасқан негізгі шара осы жылы Шахтинскде өтеді. Бұл қала Қарағанды облысындағы негізгі көмір аймағы болып саналады: бұл жерде төрт кен орны бар: «Шахтинск» «Тентек», «Қазақстан» және Ленин атындағы кен орны.

Өткен жылғы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин тұрғындарға қаланың әлеуметтік мәртебесін көтеруге уәде берген. Жолдар жөнделіп, Шахтинск қаласын жарықтандыру толығымен қалпына келтіріліп, екі жаңа балабақша пайдаға берілген және де Мәдениет сарайына жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, 15 жыл қолданыссыз тұрған стадион қайта жөнделген. Дәл осы жерде мерекелік іс-шара өтеді. Атап айтқанда, қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының концерті болады деп күтілуде. Футбол сайысы ұйымдастырылатын болады.

Бүгін Қарағандының әкімі Ислам Тоғайбаевтың көмір өнеркәсібінің ардагерлерін салтанатты қабылдауы өтеді, 24-тамызда Қарағандының кеншілер мәдениет үйінде салтанатты жиын өтеді.

Кеншілер күніне көмір өнеркәсібінің кәсіби одағы көмір кенішінің дамуына үлкен үлес қосқан ардагерлер туралы кітап шығарған. «Қазақстандағы кеншілер даңқы» атты кітап құрметті қонақтарға сыйға тартылады.

Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің анықтамасына сәйкес, Қазақстан көмір қоры бойынша дүниежүзінде сегізінші орынды алады және қордың жалпы әлемдік көлемінің 4 пайызы жер қойнауында жатыр. Ел аумағындағы көмір өндіру жұмыстарын 33 компания жүргізіп отыр, олардың 28 отандық компаниялар. 10 жылғы жер қойнауын игеруге 3 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсалған. 1996 жылмен салыстырғанда капитал салымы 10 есеге өскен және 2006 жылдың қорытындысы бойынша 428,7 млн АҚШ долларын құрап отыр. Көмір өндірудің көлемі жылына 96 — 97 тоннаны құрайды. 2015 жылға дейін көмір өндіру мөлшерін 120 — 130 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.

Қазақстанда Кеншілер күні тамыздың соңғы аптасында дәстүрлі тойланып келеді.