Қазақстан халқының саны туралы ақпарат жаңарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқының саны туралы ақпарат жаңарды

Қазақстан халқының саны туралы ақпарат жаңарды

Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 172 022 адамды көрсеткен.

  • 4 Қазан 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 қыркүйекте ел халқының саны 19 млн 944 мың 726 адамға жетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметке сүйенсек, қаңтар-тамыз айларында елімізде 258 011 бала дүниеге келген. Ал 85 989 адам қайтыс болды. Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 172 022 адамды көрсеткен. Сондай-ақ, елге жыл басынан бері 17 200 адам келді, керісінше 11 303 адам кетті.

Қалаларда 12 368 662 адам тұрса, ауыл халқы – 7 576 064 адам.


Әйелдер саны – 10 205 957 адам, ерлер саны – 9 738 769 адам.

Былтырғы қазан айында Қазақстандағы халық саны 19 млн 700 мыңға жуықтаған еді.