Жарияланды: 880

Қазақстан машина жасау бағытында әлемдік брендтермен ынтымақтастықты жалғастыруы қажет - Елбасы

Қазақстан машина жасау бағытында әлемдік брендтермен ынтымақтастықты жалғастыруы қажет - Елбасы

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан машина жасаушылары форумы қатысушыларына арнаған сөзінде

Қазақстанның машина жасау кешені елдің индустриялдық-инновациялық дамуының локомотиві болуы тиіс екенін қадап айтты.

Президенттің форумға арнаған сөзін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев оқып берді.

«Қазақстан машина жасаушылары форумы мемлекет пен бизнес және ғылым арасында тиімді диалог алаңына айналды. Еліміз қайта өңдеуде жоғары деңгейдегі өндірістің өнімін шығару арқылы тұрақты және үйлестірілген экономиканы құру бағытын таңдады. Біз Еуразиялық экономикалық одақ пен ДСҰ-ға кіре отырып, әлемдік нарықтар қолжетімділікті арттырып, өзіміздің нарықтарымыз да аштық. Қазақстанның машина жасау кешені  экономикалық түрлендірудің және елдің индустриялдық-инновациялық дамуының локомотиві болуы тиіс», - деді Елбасы.

Президент бес жылда саладағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар артқандығын, олардың арасында мобильді бұрғылау кешені, электровоздар, жүк және жолаушылар  вагондары, локомотивтер өндірістері, сондай-ақ басқа да көптеген зауыттар іске қосылғанын еске салып өтті.

«Индустрияландыру картасы аясындағы бірінші кезеңінде аталған бағытта 212 млрд. теңгенің 74 жобасы іске қосылып, 9 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды. Салаға инвестицияларды тарту бойынша жүйелік жұмыстарды және машина жасау бағытында әлемдік брендтермен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыру қажет», - делінген Елбасының форум қатысушыларына арналаған сөзінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін