Қазақстан мен Иран теңіз тасымалы туралы келісімге қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иран теңіз тасымалы туралы келісімге қол қояды

Қазақстан мен Иран теңіз тасымалы туралы келісімге қол қояды

2015 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Иран екі елдің компаниялары арасында теңіз жүк тасымалы туралы бірыңғай құқықтық негіз құратын келісімге қол қояды.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 750
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Инвестициялар жəне даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Əсет Асаубаев мəлім етті.

"Теңіз тасымалына бірыңғай құқықтық негіз керек. Сондықтан, Иран тарапымен үкіметаралық келісімге қол қою көзделіп отыр. Өткен жылы Түркіменстан елімен тура осындай келісімге қол қойған едік. Сол арқылы Қазақстан Түркіменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағы бағытында халықаралық дәліз құрып, транзиттік әлеуетін  көтерді. Нақтырақ айтқанда,Түркіменстан мер Əзербайжан елдеріне отандық компаниялар 400 мың тонна мұнай тасымалдады", — деп атап өтті комитет төрағасы.

Əсет Асаубаев мəлім еткендей, Түркіменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына (Өзен-Болашақ) және Қытайға шығатын (Жетіген-Қорғас) қосымша жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды. "Аталған шекара өткелдері арқылы 5 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды", — деді ол.