Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушыдан 6 килограммға жуық героин тәркіленді
Бішкек. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның арнаулы қызметтерінің бірлескен операциясы барысында ұсталған есірткі тасымалдаушы - 47 жастағы Бішкек тұрғынынан 6 килограммға жуық героин тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының есірткіні бақылау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушы Мерке темір жол бекетінде ұсталды. "Екі елдің есірткіге қарсы күресуші мекемелерінің аңдуында болған есірткі тасушы айғақзатымен қоса ұсталды".
Сараптама нәтижесі тәркіленген полиэтилен орамаларда 5 килограмм 545 грамм героин екенін көрсетті.
Қазақстандағы қара базар бағасымен бұл партия $100 мың тұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін