Жарияланды: 520

Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар құжатқа қол қойылды

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин

1998 жылғы 6-шы шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбін межелеу туралы келісімге, хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға  қол қойды.

Сонымен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен РФ Көлік министрі Максим Соколов ҚР Үкімет мен РФ Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Борисов ҚР Үкіметі мен  РФ Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін пайдала отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі  өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы келісімді, «ВИПЭК Автоазия»  Директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин мен «Авто ВАЗ» ААҚ президенті Бу Инге Андерссон стратегиялық әріптестікті кеңейту туралы келісімді рәсімдеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін