Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт көлемі артып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт көлемі артып келеді

Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт көлемі артып келеді

Петропавлдағы құбыр зауыты өз өнімін көрші елге шығарып, нарықтағы аясын кеңейтті.

  • 17 Қараша 2014
  • 506
Фото - Caravan.kz

Енді кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Омбы қаласында зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады  www.24.kz.

Отандық ортада өз орнын алған Петропавл құбыр зауытының Ресей нарығына шыққанына 2 жылдай болды. Осы уақыт аралығында кәсіпорын өз өнімімен Омбы, Түмен және Қорған облыстарын қамтамасыз етіп, енді шағын зауыт ашуды көздеп отыр. Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы екі елді жалғап тұрған Ертіс өзеніндей тоқтаған емес. Мәселен, бір ғана Омбы облысында бірлескен 200-дей кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Соның арқасында осы өңір мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы өткен жылы 400 млн АҚШ долларынан асқан. Ресей — Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі. Әсіресе шекаралас аймақтардың саудасы жүріп тұр.

Тараптар тек сауда-экономикалық тұрғыда ғана емес, достық қарым-қатынаста да жақсы. Омбы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы көше толық жөнделіп, бойына ұлы ғалымның ескерткіші орнатылған.