Қазақстан мен Украина тауар айналымын арттыруға арналған жоспар әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Украина тауар айналымын арттыруға арналған жоспар әзірледі

Қазақстан мен Украина тауар айналымын арттыруға арналған жоспар әзірледі

Қазақстан мен Украина тауар айналымды арттырудың 2015-2016 жылдарға арналған жоспарды әзірледі.

  • 9 Қазан 2015
  • 509
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан-Украина бизнес-форумында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. 

«Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастық бағытында украиналық іскерлік топтардың қызығушылығын жоғары бағалап отырмыз. Тауар айналымы мен инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, екі ел қатынастарының әлеуеті толық деңгейде іске асырылмай отыр. Сондықтан да ағымдағы саяси және экономикалық конъюнктураға қарамастан, біздің конструктивті ынтымақтастыққа ниеттестігімізді жоғары бағалап отырмыз. Өзара сауданың оң қарқынын қолдау үшін тауар айналымды арттыруға негізделген 2015-2016 жылдарға арналған жоспардың жобасын әзірледік. Менің ойымша, жақын арада бұл жұмыстарды аяқтаймыз», — деді Б.Сағынтаев.
Аталған жоспарда көрмелерді, жәрмеңкелерді өткізу, сауда делегацияларының сапарлары және басқа да өзекті мәселелер қамтылып отыр.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда украиналық капиталдың қатысуымен 400-ден астам компания жұмыс істеуде.
null
null
null
null
null
null
null
null