Қазақстан оқулықтарының авторлары ҚР СІМ ресми ұстанымдарын негізге алулары тиіс
![]() |
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Камал Бұрxанов Украина тарапынан нота түскен қазақстандық мектеп оқулығы жайында өз пікірін білдірді. |
"Мен әлі ол материалды көрген жоқпын, уақытым тығыздау. Тариxи факт деген бар, біздің оқушылар қазіргі заманның тариxын білулері тиіс, ол Украина, Франция болмасын, Сирия және Иракқа қатысты болса да", - деді депутат ҚР Бас прокуратурасында өткен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған форумда журналистердің сауалына бере отырып.
Оның айтуынша, бұл мәселенің екінші қыры да бар.
"Екінші мәселе - интерпретация. Орын алған жайтқа қанық емеспін, сондықтан оның мән-жайын білмеймін. Бірақ егер оны басқаша бұрып алған болса, кім бұрыс, кім теріс айтты, онда осы мәселеде қателік кеткен болуы мүмкін. Қазақ оқулықтарының авторлары ҚР СІМ ресми ұстанымдарын негізге алулары тиіс", - деді ол.
Бұның алдында БАҚ-та белгілі болғанындай, Украина Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жіберген болатын. Себебі кейбір қазақстандық оқулықтарда Қырым Ресей Федерациясының субьектісі деп көрсетілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін