Қазақстан Орталық Азияны көлік-логистикалық торапқа айналдыруға ұмтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Орталық Азияны көлік-логистикалық торапқа айналдыруға ұмтылады

Қазақстан Орталық Азияны көлік-логистикалық торапқа айналдыруға ұмтылады

 

  • 13 Шiлде 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» тақырыбында өтіп жатқан форумда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық Азия — Азияның ажырамас маңызды бөлігі. Бұл өте қарқынды дамып келе жатқан өңір. Өңірде 77 млн халық бар. Сондай-ақ ЖІӨ-мі 350 млрд долларға жуық. Қазақстан Орталық Азияның экономикалық, көлік, логистикалық, сауда және технологиялық әлеуетін ашуға бағытталған түрлі бастамалар арқылы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Астананың өңірлік тұрақтылыққа, өркендеуге және қауіпсіздікке келісілген іс-қимылдар арқылы ғана қол жеткізуге болатынына күмәні жоқ, — деп айтты Сыртқы істер министрі.

Мұрат Нұртілеудің пікірінше, ХХ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатында достық пен тату көршілік, ынтымақтастық туралы шарт күшіне енген.


Қазақстан Орталық Азияны еуразиялық көлік-логистикалық торапқа айналдыруға ұмтылады. Біз Транскаспий халықаралық көлік бағытын қоса алғанда, солтүстік-оңтүстік және шығыс-батыс бағыттарында трансқұрлықтық көлік дәлізін дамытуды қолдаймыз және жалғастырамыз, — дейді СІМ басшысы форумда.