Жарияланды: 450

Қазақстан премьер-министрі Түркия парламентінің төрағасы Көксал Топтанмен кездесті

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының (парламентінің) төрағасы Көксал Топтанмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының ауқымды мәселесін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты, соның ішінде парламентаралық байланыстарды нығайту мәселесін талқылады. Сапарлары үшін алғысын білдіре отырып, премьер-министр "үкімет пен парламент арасында қалыптасқан қарым-қатынастар екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастар үшін тығыз негіз болады" деп атап өтті. Өз кезегінде, парламентаралық байланыстардың нығая түскеніне тоқтала келе, К. Топтан түркі тілдес елдер басшыларының VIII саммитінде айтылған, түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясын құру туралы Қазақстан президентінің бастамасы аясында олардың жемісті дами түсетініне сенімін білдірді. Кездесуге қатысушылар туысқан елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жағымды барысына назар аударды және ытымақтастықтың одан әрі дамуына өзара тиімді қызығушылық танытты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін