Жарияланды: 390

Қазақстан қажылары кесте бойынша ұша бастады

Қазақстан қажылары кесте бойынша ұша бастады

Қазақстан Қажылық Миссиясы Жидда халықаралық әуежайында барлық ұшу кестесінің өзгергенін хабарлады.

Қазір бүкіл әлем мұсылмандары Мекке қаласынан өз елдеріне ұша бастады.

Сауд Арабия Корольдігі күнтізбені жаңа айдың тууына байланысты белгілейді. Жаңа айдың (біздің елмен салыстырғанда) бір күн кеш көрінуіне орай барлық ұшақтардың ұшу кестесі де бір күнге шегерілді. Кеше Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі осындай шешім қабылдады. 

Сонымен қатар қажыларға қызмет көрсететін жергілікті мекемелердің автобустарды (қажыларды Меккеден Жидда қаласына тасымалдау үшін) уақытында бөлмеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі жүзеге асырмау салдарынан жерлестеріміз әуежайға дер кезінде жеткізілмеді.

Қазір қажыларды ұшыруға қатысты техниакалық себептер шешімін табуда. Бұл туралы Қазақстан қажыларын тасымалдау құқығына ие болған «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясының жауапты өкілі Мұхаммед әл-Қарни Қажылық Миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев мырзаға мәлімдеді. Енді отандастарымыздың ұшу кестесі бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылуда.

Қажылық министрлігінің ұшу уақытын бір күнге шегеру туралы шешімі барлық елден келген қажыларға қатысты екенін хабарлаймыз. Бүгінде қазақстандық қажылар Жидда-Алматы бағыты бойынша тікелей рейспен ұшуда.

Жидда әуежайында кезегін күткен отандастарымыз қажетті ас-сумен қамтамасыз етілді. Фирма басшылары ұйымдастыру жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруда.                          

«Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін «Қазақстандық қажылар әуежайда елге қайта алмай жатыр» деген мазмұнда ақпарат таратып, алдын ала мәселені күрделендіріп көрсетпеуге шақырамыз», - делінген Қазақстан Қажылық миссиясы хабарламасында.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін