Жарияланды: 370

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 119,80 теңгені құрады

Алматы. 19 қыркүйек . "Қазақстан Бүгін" - 19 қыркүйек - жұмада Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы бейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,05 теңгеге қымбаттап, бір долларға шаққанда 119,80 теңгені құрады.

Жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 207,980 млн долларды құрады. Ал бейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 164,400 млн долларды құраған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін