Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы 1 базалық пунктке - жылдық 6,18 пайызға дейін көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы 1 базалық пунктке - жылдық 6,18 пайызға дейін көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы 1 базалық пунктке - жылдық 6,18 пайызға дейін көтерілді

АЛМАТЫ. 26-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан қор биржасындағы 2007-жылғы 26-сәуірдегі фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы 1

  • 26 Сәуiр 2007
  • 401
Фото - Caravan.kz


АЛМАТЫ. 26-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан қор биржасындағы 2007-жылғы 26-сәуірдегі фиксинг қорытындысы бойынша «KazPrime» индикаторы 1 базалық пунктке — жылдық 6,18 пайызға дейін көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, «KazPrime» индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.

«KazPrime» индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі — 150 млн теңге.

«KazPrime» индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір «»ТұранӘлемБанкі» АҚ, «HSBC Банк Казахстан» АҚ-ның еншілес банкі, «Ситибанк Казахстан»АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ , «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «ДАБ «ABN AMRO Банк Казахстан» АҚ біріккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті