Қазақстан сырттан капитал тартуға шектеу қоймайды - Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сырттан капитал тартуға шектеу қоймайды - Мәсімов

Қазақстан сырттан капитал тартуға шектеу қоймайды - Мәсімов

АСТАНА. 24- сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан сырттан капитал тартуға шектеу қоймайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Нарықтық экономикада сырттан капиталдың тартылуына шектеу қою мүмкін емес болар.

«Әрине, сыртқы қарыздар туралы көрсеткіштің жалпы ішкі өнім көлемінен артып кетуі алаңдатарлық жәйт, бірақ егер басқару тәуекелділігі салыстыруға келетін болса, онда қорқынышты ештеңе жоқ»,- деп санайды Кәрім Мәсімов. Сонымен қатар үкімет басшысы, қазіргі уақытта «шетелдерден қарыз алуды жүргізіп отырған қазақстандық банктермен, себъектілермен сындарлы келіссөздер жүргізіліп жатқандығын» мәлім етті.

Премьер аталмыш проблеманың қазіргі уақытта шешіліп жатқандығын айта келе, «аталмыш мәселеге қатысты үкіметтің де, Ұлттық банкінің де өз ұстанымдары бар» екендігін атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті