Аталған келісімге 2010 жылдың 15 сәуірінде Душанбеде қол қойылған. Құжатқа сәйкес Қазақстан Тәжікстанға патрондар, қол гранаталары, қару майы секілді әскери құралдарды өтеусіз беру бойынша әскери-техникалық көмек көрсетеді. Мұндай әскери мүлікті Қазақстаннан Душанбе қаласына дейін жеткізіп беруді Қазақстанның Қарулы Күштерінің әуе кемесімен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, келісімге сәйкес Тәжікстан Қазақстаннан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бере алмайды.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.