«Біз қаржының ұлғаюын (отандық азық-түлік өнімдері) немесе қолдау шараларын енгізуіміз ықтимал, өйткені біз нарықтағы алыпсатарлардың қолдан жасап отырған әрекеттеріне қарсы тұруымыз керек «, — деді К. Мәсімов.
Оның айтуынша, «соңғы 2-3 айда, алыпсатарлардың қолындағы «жеңіл-желпі» ақшаның бәрі азық-түлік өнімдері базарына өтті, енді алыпсатарлар сонда дегенін істеуде».
«Хедж қорларындағы алыпсатарлық ақшының бір бөлігі 2007 жылға дейін жаңа экономика санатына кіретін Интернетте, жаңа технологияларда, ал соңғы 7 жылда шикізат (мұнай, метал), саласында айналымда болса, ендігі жерде оның бәрі азық-түлік нарығына бет алды», — деп есептейді үкімет басшысы.
«Қазақстанға бір жағынан қыр көрсетілсе, екінші жағынан үлкен мүмкіндіктер туып отыр», — деп ойын жалғастырды үкімет басшысы.
«Қысқа мерзімде қазақстандағы азық түлік инфляциясы импорттық есебінен туындады. Еуроодақ ауыл шаруашылық өнімдерін үстемелі көмектен құр алақан қалдырды, болашақта да оны беруі екіталай, яғни сыртқы нарықтағы азық-түлік бағасының қымбаттығы сол күйінде қалады «, — деді ол.
К. Мәсімовтың пікірінше, қазақстандың азық-түлік өнімдері «бәсекелестікке қабілетті», сондықтан, ауыл шаруашылық және қайта өңдеу секторы жобаның алдыңғы қатарында. «Салалық ұйымдармен ақылдаса отырып, қаржыны қайта қарастырып, оның бір бөлігін ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға жұмсау керек».
Сондай-ақ , К. Мәсімов, вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке биылғы жылдың желтоқсан айында агроөндіріс кешенінде қайта өңдеу саласын дамыту мәселесіне арналған үкімет отырысын дайындау туралы тапсырма берді.
«Әлемде биыл бидай тапшы болды. Оған құрғақшылық пен биоотын түрткі болса, біз үшін жаңа мүмкіндітер туып отыр…Бұл мәселелердің бәрін бірлесе отырып қарастыру керек (ауылды жерлерде қайта өңдеу өнідірісін дамыту, бидай экспорты) «, — деп ойын қорытындылады премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті