«Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС аккредитациялау органы ретінде бекітілсін», — деп көрсетілген қаулыда.
Бұл құжатқа сәйкес, орталық қызметі «аккредитация бойынша мемлекеттік емес және үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға, аккредитация аттестатын 3 жылға беруге, аккредитация аттестаттарының мерзімін алты айға дейін тоқтатуға, инспекциялық тексерулерді орындауға негізделген».
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті