» Біз халықаралық нарықтағы кернеуді көрдік, бұл қазақстанға да әсерін тигізді, өйткені, мемлекет халықаралық нарықтармен сіңісіп кеткен. Бірақ биліктегілердің іс- әрекеттеріне де қарау керек. Қазақстан үкіметі тез жауап қатып, қажетті шараларды қолға алды. Қазір олар елдің банк секторын одан әрі күшейтіп жатыр», — деді Ж. Лемьер
«Біз бұл жұмысты үнем қолдадық және осы жолмен жүру дұрыс дегенді айтып келдік», — деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ЕҚҚДБ басшысы, қазақстан экономикасын «өте бекем экономика», және » макроэкономикалық менеджменті дұрыс жолға қойылған, барлық резервтерді басқару жағы ойластырылған, маңызды реформалардың процесі өтіп жатыр. Сондай-ақ, елдің ЕЫҚҰ төрағалығы осы процестің бір бөлігі болып табылады», — деп атап кетті ол.
«Сондай-ақ, біз энергетикалық секторындағы операциялардың ұлғаюын көріп отырмыз. Бұл болашақта бәсекелестікке қабілетті экономиканы дамытуында үлкен маңыздылыққа ие болады.Ол үшін, қуат көздерін ақылға сиымды бағаға өндіру керек», — деді Ж. Лемьер.
«Біз сондай-ақ, инфрақұрылымдардың жақсару нышанын көріп отырмыз, оны біз Қазақстан үкіметімен алдағы жылы бірлесе отырып жасаймыз. Келесі жылы, сондай-ақ, біздер өзіміздің инвестиция көлемін екі есеге дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз, негізінен жеке меншік секторына», — деді ол. «Егер жалпы бұған қарайтын болсақ, қазақстан экономикасы бекем және тұрақты», — деп атап өтті ЕҚҚДБ басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті