Қазақстан үкіметі астық сатып алу бағасын одан әрі өсірмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі астық сатып алу бағасын одан әрі өсірмейді

Қазақстан үкіметі астық сатып алу бағасын одан әрі өсірмейді

Қазақстан үкіметі астық сатып алу бағасын одан әрі өсірмейді. Бұл туралы бүгін, 8-қыркүйекте сенаттағы үкіметтік сағатта сөз сөйлеген үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Қазір ең тиімді баға белгіленді, алдағы уақытта үкімет оны қайтадан қарамайды»,- деді ол. Сонымен қатар, А.Есімов осы орайда «мемлекеттік астық сатып алу бағасын үкіметтің осыдан екі апта бұрын қайтадан қарап, бір тонна астықтың бағасын 65 доллардан 90-ға дейін өсіргенін» ескертіп өтті. Астық сатып алу бағасының осыншама қымбаттатылу себебін ауылшаруашылығы министрі «Қазақстан астығына деген сұраныстың арта түсуімен» байланыстырып түсіндірді. Оның айтуынша, бұл — биыл Еуропа, Ресей мен Украинада қуаңшылық болуына байланысты.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Ресейде биыл былтырғыдан 20 процент кем астық жиналса, Украинадағы түсім көлемі 2002-жылғы 20 млн. тоннадан 6 млн. тоннаға дейін азаяды деп күтілуде. А.Есімовтың айтуынша, 2003-жылы күн райының қолайсыз ахуалы қалыптасқанына қарамастан елімізде егістік түсімі ойдағыдай болады деп күтілуде.
Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен елімізде 7 млн. тонна егін орылды. Ал 2002-жылғы осы мерзімде 4,6 млн. тонна астық жиналған болатын. «Биылғы астық ору қарқыны өткен жылғыдан едәуір пәрменді»,- деді А.Есімов. Мекеме мәліметіне сүйенсек, бүгінгі жағдаймен егістік алқаптарының 42,3 процентінде орақ науқаны аяқталды. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 17 процент артық .

Соңғы жаңалықтар