«Биылғы жылға бірінші тоқсанда ғана «Протондарды» ұшыру жайы келісілді», -деді В. Петров.
«Әзірге біздің үкіметпен осынау зымыран тасығыштарды пайдалануды біртіндеп азайту бағдарламасының жобасын жасауды ескере отырып келісім жасалды», — деді ол.
Вице-министр сондай-ақ, «Протонды» алмастыратын «Бәйтерек» кешенінің жобасы мен жоғары улы болып табылмайтын отын компоненттері жасалып жатқанын» еске салды.
Бұған қоса В. Петров «келіссөздер барысында Ресей жағының 6 қыркүйекте «Протон-М» зымыран тасығышының құлауының залал-зардаптары мен медициналық мониторинг барысында анықталған зардап шегушілердің ауру-сырқауының себептері өзара байланыста болып шыққан жағдайда Ресей жағы оларды өз есебінен медициналық орталықтар мен ауруханаларда емдеу-сауықтыруды ұйымдастырады. Бұл ереже 2008 жылдың 8 қаңтарындағы бірлескен хаттамамен бекітіліп, оған қол қойылды».
Осы орайда еске салсақ, «Протон-М» зымыран тасығышы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазғаннан 40 шақырым жерге Байқоңырдан ұшырыла сала құлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті