Қазақстан үшін Венгрия - Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үшін Венгрия - Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі

Қазақстан үшін Венгрия - Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Венгрия Мемлекеттік жиынының төрағасы Ласло Кёверді қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kzсайтынан.

  • 24 Қазан 2013
  • 276
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстан үшін Венгрияның Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі әріптестердің бірі екеніне тоқталған С. Ахметов: «Біздің елдеріміз арасында берік тарихи әріптестік қатынас орнаған, өзара тауар айналымын арттыру үшін үлкен әлеует бар», — деді.

Тараптар Қазақстан мен Венгрия арасындағы іскерлік ынтымақтастықты жандандыра түсуге мүдделі екендіктерін білдірді.