Қазақстан ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шарты бойынша келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шарты бойынша келісімді бекітті

Қазақстан ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шарты бойынша келісімді бекітті

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шартын ұйымдастыру жөніндегі дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім-шартын қолдау үшін халықаралық мониторинг жүргізетін нысандардағы сертификаттаудан кейінгі және басқа да шаралар туралы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Сәуiр 2007
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің басты мақсаты келісім-шартының ережелері мен оған қосымша хаттамадан туындайды. Соған сәйкес Қазақстан ядролық қаруды сынақтан өткізу мақсатында және басқа да қандайбір ядролық жарылыстар жасамауға, сондай-ақ, келісім-шартының сақталуын қадағалау үшін басқа да қатысушы елдермен ынтымақтасуға міндеттеме жүктеп алады»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім Қазақстан Республикасында мониторинг желісін тиімді дамыту мен оған қызмет көрсетуге бағытталған.

Келісімге 2004-жылдың 9-қыркүйегінде Венада қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті